Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Асқар Жұмаділдаевтың олимпиадасында мұғалімдерге екі көлік берілді

kz.kursiv.media

Асқар Жұмаділдаевтың олимпиадасында мұғалімдерге екі көлік берілді

Алматыда физика және математика пәндерінен сабақ беретін екі жас мұғалім жаңа автокөлікке ие болды. Олар академик Асқар Жұмаділдаевтың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған олимпиадада бас жүлдені жеңіп алды деп жазады Kursiv Media.

27 қазанда Ұлттық ғылым академиясында өткен олимпиадаға қаланың 75-тен астам мектебінен 115 мұғалім қатысты. Оның 45-і жүлделі орындарға ие болды.

Математика пәнінен №208 мектеп-гимназияның мұғалімі Еркегүл Шынарбек 38 ұпай жинап, үздік атанды. Ал физика пәнінен №126 мамандандырылған лицейдің мұғалімі Айсана Советхан 16,5 ұпаймен жеңіске жетті. Екеуіне де Changan маркалы автокөлік табысталды. Көліктерді Beta High School жекеменшік мектебі сыйға тартқан.

Еркегүл Шынарбек бұл жеңіс өзі үшін күтпеген сый болғанын айтады.

«Олимпиадаға жеңіс үшін емес, өзімізді тұрақты түрде дамыту үшін қатысамыз. Осы жолғы жеңіс күтпеген тосын сый болды. Бұл олимпиада мұғалімдердің мәртебесін көтеруге, өзара тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын», – деді ол.

Академик Асқар Жұмаділдаев мұндай бастамалар ғылымның беделін көтеруге және мұғалімдердің білімін көрсетуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Қазір осы бастаманы жүзеге асыруға көмектесіп жүрген азаматтардың көбі – менің шәкірттерім. Олар осындай байқау ұйымдастырып, мұғалімдерге білімін көрсетуге керемет мүмкіндік сыйлап отыр. Соған қуаныштымын», – деді академик.

Олимпиада қорытындысы бойынша бес мұғалім бірінші, 12 педагог екінші, 26 қатысушы үшінші орын алды. Байқауды Алматы қаласының Білім басқармасы, қалалық Әдістемелік орталық, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы және Beta High School бірлесіп ұйымдастырған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар