Жабылған кәсіпкерлердің 60%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтуға өткендер мен табысы жоқтар
2026 жылдың 9 айында Қазақстанда 356,2 мың жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 59,3%-ға көп. Алайда Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, ресми тіркеуден шығу бизнес жабылды деген сөз емес. Жабылған жеке кәсіпкерлерлің кемінде 225,7 мыңы немесе 63,4%-ы бұрын табысы болмағандар мен өзін-өзі жұмыспен қамту форматына ауысқандар
Жойылған кәсіпкерліктердің ішінде:
Биыл 242,3 мың жаңа кәсіпкер тіркелді. Алайда жабылған бизнестің қатары ашылған кәсіпкерлерден 113,9 мыңға асып түсті. Әсіре бөлшек сауда (128,4 мың), мен қызмет көрсетудені (59,8 мың) кәсіпкердердің қызметі тоқтатты.
Министр салық реформасын тек жабылған жеке кәсіпкерлер санымен бағалау дұрыс емесін айтты. Жалпыға бірдей белгіленген режимдегі салық төлеушілер саны 70,5%-ға өсіп, 373,8 мыңға жетті. ҚҚС төлеушілер де 28%-ға көбейді.
Оңайлатылған режимде 1,09 млн жеке кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылар режиміне 981,2 мың адам тіркелді. Олардың негізгі бөлігі – такси жүргізушілері (519,7 мың) мен курьерлер (292,5 мың).
Қазіргі кезде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 32,5%-ға артып, 3,2 млн-ға жетті.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026