Астанада үйді жалға алушы пәтер иесін соққыға жықты
Астана полициясы 22 жастағы жігітке пәтерін жалға берген бойжеткенге жасалған шабуылды тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, пәтерді жалға алушы баспананы уақытылы босатпаған, соның салдарынан жанжал туындаған. Оқиға түсірілген видео желіде тарады.
Бейнежазбада жас жігіттің балағат сөздер айтып, өзін телефонға түсіріп тұрған бойжеткенге тап бергені көрінеді.
Астана қалалық Полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады.
«Пәтер иесімен арада туындаған жанжал барысында ол бойжеткенді ұрып, оған балағат сөздер айтқан. Полиция денсаулыққа әдейі зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жалғасуда», – деп хабарламада.
Айта кетейік, қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін сот шешімімен ер адамға 30 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)
Айта кетейік, осыған дейін Астанада адам ұрлап, бопсалаумен айналысқан үш адам сотталған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026