Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды
Үкімет елдегі әрбір қаланың нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспарын бекітуі керек. Жыл сайынғы Жолдауында Тоқаев министрлер кабинетіне осындай тапсырма берді деп жазады Kursiv Media.
Президент осы уақытқа дейін ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше назар салып келгенін атап өтіп, енді қалалардың дамуына мән беру керек дегенді айтты. Оның сөзінше, экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі ресурс қалаларда орналасқан.
«Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс. Сонымен қатар қала ресурсын тиімді басқару үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын көп ұзамай әзірлеуге тиіс», – деді ол.
Тоқаев егер қала қарқынды дамитын болса, сол өңірдің экономикасы да өркендейді, адами әлеуеті де артады дегенді де атап өтті.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026