Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мұғалімдер қағазбастылықтан құтылған жоқ: Тоқаев артық жұмысты тоқтатуды талап етті

kz.kursiv.media

Мұғалімдер қағазбастылықтан құтылған жоқ: Тоқаев артық жұмысты тоқтатуды талап етті

Қазақстанда мұғалімдердің жұмыс жүктемесін азайту міндеті әлі де толық орындалмай отыр. Бұрынғы қағазбастылықтың орнын цифрлық платформалар мен жүйелерге есеп енгізу жұмысы басқан. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде мәлімдеді.

Сонымен қатар Президент оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты қоғамда көптеген мәселе талқыланып жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, білім беру саласындағы кез келген өзгеріс мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге және артық жүктемесін азайтуға бағытталуы керек.

«Жалпы, әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек. Іс жүзінде бұл міндет толық орындалмай жатқаны жасырын емес. Бұрын қағазбастылық көп еді. Енді оның орнын түрлі платформаларға, цифрлық жүйелерге енгізілуге тиіс есептер басып отыр», – деді Президент.

Мемлекет басшысы ұстаздың негізгі міндеті – балаларға сапалы білім беру және сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу екенін еске салды. Сондықтан осы міндеттерді орындауға кедергі келтіретін артық жұмысты тоқтату қажет.

«Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек», – деді ол.

Сонымен бірге Президент мұғалімдердің абырой-беделін қорғау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, соңғы уақытта мектептерде оқушылардың ұстаздарға дөрекі сөйлеп, тіпті күш қолданатын жағдайлары да аз емес.

«Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайлар да аз емес. Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл – дұрыс емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мектептердегі әрбір жағдай мұқият әрі жан-жақты қаралуы керек екенін атап өтті. Оның сөзінше, туындаған мәселелерге отбасы да, оқушы да, мұғалім де, мектеп те бірдей жауапкершілікпен қарауы қажет.

«Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те – бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек.

Тағы да оқыңыз: Тоқаев Әлеуметтік саясатты қайта қарауды тапсырды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар