Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда Яндекс Карталар жанармайды аз жұмсайтын бағдарлар тауып үйренді

kz.kursiv.media

Қазақстанда Яндекс Карталар жанармайды аз жұмсайтын бағдарлар тауып үйренді

Яндекс Карталар және Навигатор енді жанармай шығынын азайтуға көмектесетін бағдарлар ұсына алады. Мұндай бағдар кейде ең жылдам бағытқа қарағанда ұзағырақ уақыт алуы мүмкін. Алайда ол қозғалысты бірқалыпты ұстап отыру, көліктің бос тұрып қалу және төмен жылдамдықпен жүру уақытын қысқарту, сондай-ақ жиі жеделдету қажеттілігін азайту арқылы жанармай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бағдар құрылған соң сервис қолжетімді бағыттарды салыстырады. Егер олардың арасында жанармай тұрғысынан тиімдірек бағыт болса, оны жүргізушіге ұсынады. Пайдаланушы әр бағыт бойынша жолға кететін уақытты көріп, нақты сапар үшін межелі жерге тезірек жету ме, әлде отын шығынын азайту ма – қайсысы маңызды екенін өзі шеше алады.

Үнемді бағдарлар қала ішіндегі күнделікті сапарларға да, алыс қашықтыққа саяхаттауға да пайдалы. Мысалы, Медеуден Бостандық ауданына немесе Астана орталығынан «Нұрлы жол» теміржол вокзалына бара жатқанда, Карталар бірқалыпты жылдамдықпен қозғалуға және отынды аз жұмсауға мүмкіндік беретін бағдар ұсына алады. Жанармай шығынының азаюы сапар кезінде автомобильден бөлінетін заттар көлемін төмендетуге де көмектеседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар