Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Төрт айда әлеуметтік жобалар үшін Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге алынбақ

kz.kursiv.media

Төрт айда әлеуметтік жобалар үшін Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге алынбақ

2026 жыл соңы мен 2027 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге алынбақ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлімдеді.

«Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айы ішінде әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастыру қажет», – деді Президент.

2029 жыл соңына дейін қордан жалпы 6,5 трлн теңге алынып, инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалады.

«Алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 130 миллиард доллардан асты. Енді осы қуатты әлеуетімізді инфрақұрылымды жаңғыртуға, еліміздің әр аймағын көркейтуге бағыттауымыз қажет. Сондықтан мен бұған дейін айтқан ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Соған сәйкес бүкіл ел бойынша аса қажетті әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады», – деді мемлекет басшысы.

Бұл ретте президент Ұлттық қордың ел байлығын ұқыпты ұстау және одан әрі арттыру міндетін лайықты орындап келе жатқанын атап өтті.

«Жас ұрпақтың игілігін ойласақ, бұл бағытта қазірден бастап нақты әрі батыл қадамдар жасауымыз керек. Өзекті мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Әр мәселе өз шешімін табуға тиіс. Басты талап – осы. Кейінгі буынға өркениетті, озық, жаңарған мемлекетті аманат етуіміз керек. Бұл – біздің міндетіміз және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз», – деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкесғ биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жуықтайды. Оның жан басына шаққандағы үлесі 19 мың доллардан асатын болды.

Қазіргі кезде Қазақстаның халықаралық резерві 130 млрд доллардан асты. Соның ішіде Ұлттық қор активтерінің көлемі 66,7 млрд долларды құрайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар