Франция үкіметі оқушылардың талабына келіскеніне қарамастан наразылық тоқтамады
Франция билігі оқушылар мен студенттердің жаппай шеруінен кейін білім беру саласында реформа жүргізуге келісті. Дегенмен жастар ұйымдары ұсынылған шараларды жеткіліксіз деп тауып, 31 қазан мен 5 қарашада қайтадан ереуілге шығуға шақырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
BBC ақпаратына сүйенсек, 26 қазанда Франция премьер-министрі Себастьян Лекорню оқушылар мен студенттер өкілдерімен кездесіп, мемлекет ұсынған жеңілдіктерді жариялады.
Осыған қарамастан, Les Lycéens оқушылар ұйымының вице-президенті Луи Летублон бұл шешімдердің барлық мәселені шешпейтінін айтып, ереуілді жалғастыратындарын жеткізді.
Франциядағы оқушылар наразылығы қыркүйек айында мектептердегі орын тапшылығы мен мұғалімдердің жетіспеушілігінен басталған еді. Кейіннен бұл қозғалысқа қымбатшылыққа қарсы кәсіподақтар қосылып, шерулер тәртіпсіздікке ұласты.
24 қазандағы демонстрация кезінде ел бойынша 1 435 адам ұсталды. Президент Эмманюэль Макрон елдегі қауіпсіздік шаралары әлі де күшейтілген режимде сақталатынын ескертті.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026