Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Астанадағы «Барыс Аренада» өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Бағдат Сабаз (67 келі) пьедесталдың үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Kursiv Media.
Жарыстың қола жүлдесі үшін өткен белдесуде отандасымыз Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің екі дүркін вице-чемпионы әзербайжандық Хасрат Джафаровты 8:5 есебімен тізе бүктірді.
Ширек финалда ирандық әлем чемпионы Саид Эсмаилиге есе жіберіп алған Бағдат, жұбаныш белдесуінде бағын сынады. Бүгін ол Қытай балуаны Цзинь Синьсинді (8:5) жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.
Қазақстан құрамасының басқа да нәтижелері:
Айта кетейік, 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатына 100-ге жуық елден 900-ге тарта спортшы қатысуда.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
28 қазан 2026