Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алдағы күндері ауа райы 20 градусқа дейін жылынады

kz.kursiv.media

Алдағы күндері ауа райы 20 градусқа дейін жылынады

«Қазгидромет» 28, 29 және 30 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес алдағы күндері елдегі ауа райы қолайлы болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын кең ауқымды антициклон қалыптастырады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Түнгі уақытта еліміздің барлық өңірінде ауа температурасы нөлден төмен болғанымен, күндіз ауа температурасы солтүстік пен шығыста +5…+10°С-қа, батыста +15…+20°С-қа, ал республиканың оңтүстігінде +12…+17°С-қа дейін көтеріледі.

Айта кетейік, 27 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік, тұман, көктайғақ және қатты жел болуы мүмкін. «Қазгидромет» болжамынша, Жетісу облысы мен Талдықорғанда ауа температурасы түнде −11 градусқа дейін төмендейді. Ал Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар