Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Есірткіге қарсы мультфильмдер байқауы қорытындыланды

kz.kursiv.media

Есірткіге қарсы мультфильмдер байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы мультфильмдер байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Polisia.kz. хабарлауынша, Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Есірткіге қарсы мультфильмдер байқауын» өткізді. Ондағы мақсат – жастар арасында есірткіге қарсы профилактиканы күшейту, есірткіге және оның заңсыз айналымына теріс көзқарас қалыптастыру. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алып, құқықтық сауаттылығын арттыру көзделіп отыр.

«Байқауға студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің 9–11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар авторлық мультфильмдері арқылы есірткінің және оның заңсыз айналымының қауіптілігін, жастарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту жолдарын және мұндай әрекеттерге қатысудың жауапкершілігін көрсетті», – делінген полиция ақпаратында.

Байқау жұмыстарында қолмен салынған, компьютерлік, кадрлық, 2D, 3D, stop-motion және басқа да заманауи анимация түрлері қолданылған.

Мұның алдында Оқу-ағарту министрлігі балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін «Қаржы әлемі» атты отандық мультфильм жарыққа шығатынын хабарлаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар