Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе облысында пайдалы қазба өндіретін компаниялар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

kz.kursiv.media

Ақтөбе облысында пайдалы қазба өндіретін компаниялар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Ақтөбе облысында пайдалы қазба өндіретін компаниялар 1,2 млрд теңге салық төлемеген, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Табиғатты қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласында бірқатар заң бұзушылықты анықтаған.

Тексеру барысында 127 келісімшарт аясында жұмыс істейтін компаниялардың 2022–2025 жылдары салықты толық төлемегені анықталды. Соның салдарынан бюджетке 1,2 млрд теңгеден астам шығын келтіргені белгілі болды.

Прокурорлардың араласуынан кейін 600 млн теңге қаражат мемлекетке қайтарылды.

Сонымен бірге 29 компания өз еркімен 250 млн теңгенің қосымша салық декларациясын тапсырды. Қалған салық қарызын толық өндіріп алу жұмысы жүргізілп жатыр.

Осы заң бұзушылықтарға көз жұмып, өз міндетін дұрыс атқармаған 3 салық маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Павлодарда құрылыс компаниялары жылжымайтын мүлік сатудан түскен табысын декларацияда көрсетпей, бюджетке қомақты шығын келтірген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар