Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан банктері онлайн-казинолардың 188 млрд теңгені заңсыз шығаруына көмектескен

kz.kursiv.media

Қазақстан банктері онлайн-казинолардың 188 млрд теңгені заңсыз шығаруына көмектескен

Қазақстандық банкері «Nomadgames», «Sultangames» онлайн-платформаларына 188 млрд теңгені заңсыз шығаруына көмектескен.

Қаржы мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз интернет-казинолардың жұмысын ұйымдастырған топты анықтады.

Ойыншылардан ақша қабылдау үшін төлем ұйымдары, банк эквайрингі, POS және интернет-терминалдар, электронды әмияндар мен криптоқұралдарды қамтитын көпдеңгейлі жүйе құрылған.

«Бұл іске банк саласының өкілдері де қатысқан. Олар төлем инфрақұрылымына қосуды, міндетті тексеру жүргізбестен шарттар жасасуды және интернет-терминалдарға тиісті MCC-кодтарын беруді қамтамасыз еткен», – делінген хабарламада.

Банк секторының өкілдері міндетті тексеру жүргізбестен келісімшарт жасасып, төлем инфрақұрылымын қосып отырған.

Төлемдердің нақты мақсатын жасыру мақсатында интернет-терминалдарға жалған MCC-кодтар беріліп, операциялар заңды букмекерлік қызмет ретінде көрсетілген.

Нәтижесінде электронды терминалдар арқылы 188 миллиард теңгеден астам қаражат өткізілген. Қылмыстық жолмен тапқан табысты заңдастыру үшін бақылаудағы ЖШС арқылы жалған келісімшарт түзіліп, шотына 10 миллиард теңге аударылған.

Кейін бұл қаражат криптовалютаға айырбасталып, күдіктілердің әмияндарына жіберілген. Тергеу органдары 19 миллион USDT көлеміндегі цифрлық активтердің қозғалысын анықтады.

Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері, 6 автокөлігі, сондай-ақ банк шоттарындағы 1,4 миллиард теңге сомасындағы қаражаты мен криптоактивтері бұғатталды.

Іс бойынша үш күдікті қамауға алынып, үшеуіне кепіл, ал екеуіне ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Қарағандыда заңсыз онлайн-казиноның 415 млн теңгесін дропперлер арқылы шығарып алғаны хабарланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар