Алимент табыс емес: министрлік мұқтаждықты анықтаудың пилоттық жобасын әзірледі
Президент жолдауынан кейін 29 қазанда Олжас Бектенов министрлер кабинетін жинады. Үкімет отырысында еңбек министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасап, мұқтаждықты анықтаудың пилоттық режимін әзірлеп жатқанын айтты деп жазады Kursiv Media.
Президент жолдауында назар салған мәселенің бірі – әлеуметтік саясат еді. Бұл салада үкімет қате жіберді деген ол Бектеновтың командасына әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарау деген міндет қойды. Тек шын мұқтаж адамдарға берілу үшін реформа жүргізіп, оны алдымен пилоттық режимде сынап көруді ұсынған.
Арада бір тәулік өтпей жатып еңбек министрі отбасының әл-ауқатын бағалап, көмекті нақты мұқтаж азаматтарға жеткізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Оның құрамына Президент Әкімшілігі өкілдері, мемлекеттік орган өкілдері енген.
Енді жұмыс тобы осы жылдың 15 қарашасына дейін отбасының әл-ауқат бағалау әдістемесін жетілдіруі керек. Мемлекеттік органдардағы 30 ақпараттық жүйені тексереді. Қажет болған жағдайда отбасының материалдық жағдайын ескере отырып, тиісті түзетулер енгізіледі.
Министр әкімдіктердің бақылаумен өңірлік штабтар құрылғанын да айтты. Олар іс жүзінде жәрдемақы алып жүрген отбасылардың шынайы жағдайын тексеру бойынша жұмыс жүргізеді. Жыл соңында Отбасының цифрлық картасы екінші деңгейлі банктермен біріктіріліп, жәрдемақы алушылардың нақты материалдық жағдайын расталуы керек.
Ал келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап мұқтаждық қағидаты пилоттық жоба ретінде кезең-кезеңімен енгізіледі. Асқарбек Ертаев жоба туралы толық мәлімдеген жоқ, бірақ азаматтардың табысын есептеуде бірқатар өзгерістер болатынын түсіндірді
Атап айтқанда, табысты есептегенде алименттер, жәрдемақылар мен төлемдер ескерілмейді. Жеке кәсіпкердің тіркелуі оның нақты бизнесі бар дегенді білдірмейді. Сондай-ақ 20 жылдан асқан ауыл шаруашылығы техникасы мен шағын жер учаскелері де есептен шығарылады.
Ал тұрғын үйді бағалау кезінде оның ауданы, орналасқан жері (қала немесе ауыл) және тозу деңгейі ескеріледі. Автокөліктің пайдаланылған мерзімі де есепке алынады.
Бұдан бөлек, отбасының несие жүктемесі мен күнделікті шығындары назарға алынады. Отбасындағы жалғыз асыраушының болуы және баспананың отбасы үшін жалғыз үй екені де ескеріледі.
Жаңа тәртіп төрт кезеңмен енгізіледі: қаңтарда бірінші кезең, ақпанда екінші кезең, наурызда үшінші кезең және сәуірде төртінші кезең жүзеге асырылады.
Министрліктің пилоттық жобасынан кейін қазіргі қолданыстағы отбасының әл-ауқатын бағалау калькуляторына қаншалықты өзгеріске түсетіні белгісіз. Ол калькулятор Egov қосымшасында 18 қазанда іске қосылған. Бірақ қазір кейбір азаматтар үшін қолжетімсіз болып тұр.
23 қазанда Ақордада өткен жиында да Тоқаев осы тақырыпты тілге тиек етіп, әлеуметтік жәрдемақылар кей жағдайда тиімсіз жұмсалып жатыр деп бағалап, Үкіметке арнайы тапсырма берген.
Айта кетейік, қазір қоғамда Еңбек министрлігінің жәрдемақы төлеміне қатысты жаңа ережесі үлкен дау болып жатыр. 2027 жылдан бастап ауқатты, А және В санатына жататын отбасылар 10 түрлі жәрдемақыны ала алмайды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов көпбалалы бай отбасылар өз күндерін өзі көруі керек деп мәлімдеді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 28
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 қазан 2026