Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Еш нәтиже шығармады": "Самұрық-Энерго" басшысы қызметінен неге кетті

kz.kursiv.media

Еш нәтиже шығармады: Самұрық-Энерго басшысы қызметінен неге кетті

29 қазанда өткен үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасын неге жұмыстан босатқанын түсіндірді деп жазады Kursiv Media.

«Жаңа өндіріс ошақтарын іске қосуға, құрылыс мерзіміне өз дәрежесінде бақылау жасамағаны үшін кеше «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовты қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Оған бірнеше рет ескерту жасаған, бірақ ол еш қорытынды шығармады. Сондықтан кеше президент тарапынан қатаң сын айтылды, артыншы тиісті шешім қабылданды», – деді Бектенов.

Осыдан кейін премьер Энергетика министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен бірге инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдетуді тапсырды.

28 қазандағы жолдауында Тоқаев елде өндірілетін электр энергиясының көлемі жеткіліксіз екенін айтқан еді.

«Қазақстан 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Өнеркәсібі, құрылыс саласы және агроөнеркәсіп кешені дамып келе жатқан ел үшін бұл көлем мүлде жеткіліксіз«, – деген еді ол.

Осыдан кейін бірнеше сағат өтпей жатып «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен босатылды. Бұл қызметте үш жылға жуық отырды. Босаған лауазымға кім келетіні әзірге белгісіз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар