Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада есірткі сақтап, оны таратқан екі шетелдік азамат ұсталды

kz.kursiv.media

Астанада есірткі сақтап, оны таратқан екі шетелдік азамат ұсталды

Астанада есірткі таратты деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталды. Арнайы операция барысында олардың автокөлігінен ірі көлемдегі есірткі заттары табылды, деп хабарлайды Kursiv.Media Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап және таратты деген күдікпен 21 және 37 жастағы екі шетел азаматы ұсталды.

«Тексеру барысында күдіктілер мінген Changan автокөлігінің салонынан чемодан табылды. Оның ішінен есірткі затына ұқсас зат салынған үш пакет, сондай-ақ сұйық консистенциядағы заты бар, капсулаларға бөлініп салынған заттар анықталды. Аталған заттардың да есірткіге жататыны көрсетілген», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ұсталғандардың бірінің сөмкесінен де осыған ұқсас заттар табылды. Барлығы бір келіден астам зат тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте есірткіге қатысы бар полицей жұмыстан қуылды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар