Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елде 13 мың студент құрылыс мамандығы бойынша білім алып жүр

kz.kursiv.media

Елде 13 мың студент құрылыс мамандығы бойынша білім алып жүр

Елде 2027 жыл «Құрылыс жылы» болып жарияланды. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі өңірлік еңбек нарығына сай білікті кадрлар даярлау жұмысын қарқынды түрде жүргізетінін мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бүгінде Қазақстанда 763 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Онда 577 мыңға жуық студент білім алып жүр. Министрліктің болжамы бойынша, 2030 жылға қарай білім алушылар контингенті 17 пайызға өсіп, 681 мың адамға жетеді.

«Қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлау 480 колледжде жүзеге асырылуда. Бұл бағытта 131 мыңнан астам студент оқып жатса, жыл сайын 51 мыңнан астам маман бітіріп шығады. Оның ішінде құрылыс саласы бойынша 13 мыңға жуық студент білім алуда, ал соңғы бес жылда бұл саланы жылына орта есеппен 3 мыңнан астам түлек аяқтаған», – деді министр.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, алдағы уақытта сұранысқа ие мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылып, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы тығыз әріптестік одан әрі күшейтіледі.

Сонымен бірге Оқу-ағарту министрлігі білім беру инфрақұрылымын дамыту, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қолжетімді әрі қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырады. Атап айтқанда, педагогтарды өзіне тән емес артық жүктемелерден босату және мұғалімдердің қоғамдағы мәртебесін нығайту жөніндегі тапсырмалар басты назарда болады.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауында 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар