Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жеті баласы бар шымкенттік әйел 20 жылдан соң ақ көйлек киіп, той жасады

kz.kursiv.media

Жеті баласы бар шымкенттік әйел 20 жылдан соң ақ көйлек киіп, той жасады

Жеті баласы бар шымкенттік әйел 20 жылдан соң ақ көйлек киіп, үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жұбайы екеуі фотосессия жасап, бақытты сәттерін бейнежазбаға түсірген. Әлеуметтік желіде thai_sayakz никнеймімен танымал шымкенттік әйел ақ көйлек киюды армандаған, алайда тойы болмаған қыздарға қызық кеңес берді.

«Жеті баламен де тұрмысқа шығып, ақ көйлек киюге болады екен. Осыдан 20 жыл бұрын біз үйленген кезде біздің тойымыз болмаған еді. Ақ көйлек кию арман болатын. Ақшаң болса, 20 жылдан кейін де арманыңды орындауға болады екен», – деді ол.

Шымкенттік әйелдің пікірінше, ақ көйлек киіп, той жасамасаңыз да, осылай фотосессия жасап алуға да болады. Сондықтан арманға қол жеткізуге ешқашан да кеш болмайды.

Оқырмандар жарасымды жұп екенін айтып, бақыт тілеп жатыр.

Айта кететін жайт, желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айманның ақ көйлек киіп түскен видеолары мен суреттері тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар