Ең төменгі жалақы, салық және бизнеске мараторий: үкіметтің жоспары қандай
2027 жылдан ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге жететіндіктен, оған қажет қаржы алдағы үш жылдық бюджеттен қайта қарастырылады. Жалақы өсімі елдегі инфляция қарқынын үдетпес үшін үкімет бірқатар шараларды қолға алмақ. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты.
Үкімет халықтың табысын экономика өсімі мен инфляцияны төмендету есебінен арттыружы жоспарлап отыр. Вице-министрдің айтуынша баға өсімін тежеу үшін коммуналдық тарифтер мен тауар бағаларын бақылау шаралары күшейтіледі.
Кәсіпкерлікті қолдау саласында ұзақ мерзімді қаржыландыру, технологиялық жаңғырту және әкімшілік қысымды төмендету тетіктерін қамтитын Орта бизнесті дамыту жоспарын әзірленбек.
«Құрылтай депутаттарымен бірлесіп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге және профилактикалық бақылауға үш жылдық мораторий енгізу мәселесі қаралады. Бұдан басқа, бизнесті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларына тарту тәсілдері жетілдіріледі»,- деді ол.
Оған қоса, бизнесті қолдау бағдарламалары жеңілдетіліп, маркетплейстер, банктер және логистикалық сервистермен біріктіріледі. Ал орта бизнесті дамыту үшін арзанырақ несиелер мен заманауи технологиялар ұсынылмақ.
Уақыт өте келе өте ірі байлық иелеріне жоғарылатылған салық мөлшерлемесінің енгізілуі мүмкін (бұл мәселе халықаралық тәжірибе бойынша зерттеліп жатыр).
Сонымен қатар, жол, мектеп, аурухана сияқты инфрақұрылымдарды салуға «Инфрақұрылымдық даму қоры» құрылды.
«Бюджет кодексіне Қор қызметінің құқықтық негіздерін, жобаларды қаржыландыру тәртібін, сондай-ақ қазынашылық сүйемелдеу мен қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау тетіктерін айқындайтын түзетулер дайындалды. Мемлекеттік бюджет ақшасы босқа ысырап болмауы үшін, шығындарды қадағалауға жасанды интеллект тартылады», – деді вице-министр.
Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында ең төменгі жалақыны 29 пайызға ккөтеру және кәсіпкердерді тнексеруге үш жыл мараторий жариялауды тапсырған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 қазан 2026