Тоқаев түркі әлеміне көлік-логистика саласындағы әріптестікті тереңдетуді ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласындағы әріптестікті тереңдету басым міндеттің бірі деп санайды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Тоқаевтың пікірінше, түркі әлемін өзара байланыстыру ісінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының алатын орны ерекше.
«Биылғы 9 айда Орта дәліз арқылы тасымалданған жүктің көлемі 30 пайызға артты. Соның ішінде транзиттік тасымал көлемі 90 пайызға өсті. Ал Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен теміржол арқылы жүк тасымалы 10 пайызға ұлғайып, 40 миллион тоннаға жақындады», – деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, Автокөлікпен тасымалданған жүк көлемі де 20 пайызға көбейіп, 6,5 миллион тоннаға жетті. Қазақстан транзиттік әлеуетін арттыра түсу үшін арнайы бағдарламаны жүзеге асырмақ.
«Жалпы, еліміз үшін Орта дәліз бойындағы логистика инфрақұрылымын және теңіз порттарын жаңғырту жұмысының маңыздылығы өзгермейді. Алайда басқа көлік-логистика бағдарлары, яғни, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі, «Бір белдеу, бір жол» жобасы және өзге де жолдар Қазақстан үшін өте пайдалы әрі тиімді болып қала береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кететін жайт, Тоқаевтың қатысуымен Анкарада Түркі әлемі аллеясы ашылған болатын.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қазан 2026