Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Армения парламентінде депутаттар жаппай төбелесті (видео)

kz.kursiv.media

Армения парламентінде депутаттар жаппай төбелесті (видео)

Армения Ұлттық жиналысында биліктегі «Азаматтық келісім» партиясы мен оппозициялық «Ұлы Армения» фракциясының депутаттары арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаға байланысты парламент отырысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Жанжал есеп палатасының мүшелігіне үміткерді талқылау кезінде басталған. Биліктегі партияның депутаты Тарон Чахоян оппозициялық фракция жетекшісі Нарек Карапетянның отбасын сынға алған.

Атап айтқанда, депутат Карапетянның немере ағасының бұған дейін әйелдердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеке министрлік құруды ұсынған даулы мәлімдемесін еске салған.

Бұған жауап ретінде Нарек Карапетян орнынан қарсы пікір айтып, мінберге қарай бет алған. Депутаттар арасындағы сөзге келіспеушілік көп ұзамай төбелеске ұласқан. Оған басқа да депутаттар қосылған.

Жанжал кезінде Тарон Чахоян мен оппозиция депутаты Гарник Давтян бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Өзге депутаттар оларды ажыратуға тырысқан.

Отырысты жүргізген парламент вице-спикері Рубен Рубинян алғашында үзіліс жариялаудан бас тартып, болып жатқан жағдайды барлығы көруі керек екенін айтқан. Алайда төбелес жаппай сипат алған соң отырысты тоқтатуға тура келген. Мәжіліс залына қауіпсіздік қызметкерлері шақырылған.

Армениялық БАҚ-тың мәліметінше, төбелес салдарынан бірнеше депутат жарақат алған.

Осыған дейін де Армения парламентінде депутаттар төбелесіп қалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар