Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда даладағы әжетхана қирап, ішіндегі әйел құтқарылды

kz.kursiv.media

Павлодарда даладағы әжетхана қирап, ішіндегі әйел құтқарылды

Павлодар облысы Атамекен ауылында сыртқы әжетхана жерге ойылып түсіп, ішінде әйел адам қалып қойған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарына сүйенсек, оқиға туралы хабарлама «112» пультіне түскен.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құрылымның әрі қарай құлауына жол бермеу үшін оны ұстап тұрып, есігін бөлшектеп, әйелді аман-есен алып шықты», – деп хабарлады ведомство.

Құтқарылған азаматша медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның денсаулық жағдайы туралы нақты ақпарат айтылмады.

Осыған дейін Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағында өрт шығып, ғимарат ішіне түтін тарап, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері іште қалған 32 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар