Астанадағы Әлем чемпионаты: Жәмилә Бақбергенова қола медаль үшін күреседі
Астанада өтіп жатқан күрес түрінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан Жәмилә Бақбергенова (72 кг) қола медаль үшін белдесетін болды. Ол 29 қазанда ресейлік Ксения Буракова мен жапониялық Махиро Еситакэ арасындағы жұбаныш кездесуінің жеңімпазымен кездеседі, деп хабарлайды Kursiv Media.
Осыған дейін Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Молдова (13:2) мен Украина (9:1) балуандарын жеңіп, жартылай финалда қытайлық Ли Зэлуге (2:4) есе жіберді.
Ирина Кузнецова (62 кг) жартылай финалға жеткен жапониялық Нонока Одзакиден ұтылғанының арқасында жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Ол ресейлік Амина Танделовамен күреседі. Жеңіске жетсе, қола жүлде үшін Нигерия спортшысымен кездеседі.
Айнур Ашимова (53 кг) және Ирина Казюлина (68 кг) қарсыластары финалға шыға алмағандықтан,жарысты ерте аяқтады.
Ұлттық құрама 3 қола медальмен (Исхар Курбаев, Айдос Сұлтанғали, Бағдат Сабаз) жалпы есепте 12-орын алды.
Сондай-ақ, бүгін Зейнеп Баянова (50 кг) мен Нилуфар Раимова (57 кг) 3-орын үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатына 100-ге жуық елден 900-ге тарта спортшы қатысуда.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
29 қазан 2026