Атырауда дрон 450-ден астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді
Атырауда дрон көмегімен жол ережесін өрескен бұзған көлік жүргізушілер жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында заманауи технологиялар қолданылуда. Соның бірі – жол қозғалысына әуеден бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін дрондар.
«Мәселен, кезекті бақылау барысында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі жолдың тұтас сызығын кесіп өтіп, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққаны анықталды. Аталған құқық бұзушылық дрон камерасына түсіп, жүргізушіге қатысты тиісті әкімшілік шара қабылданды», – делінген ақпаратта.
Жыл басынан бері Атырау облысында дрон арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзудың 450-ден астам дерегі анықталып отыр.
Ал Астанада дрондар арқылы 4 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталғаны белгілі болды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
29 қазан 2026