Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жалпы ішкі өнімнің 400 млрд долларға жетуіне қымбат мұнай мен арзан доллар себеп

kz.kursiv.media

Жалпы ішкі өнімнің 400 млрд долларға жетуіне қымбат мұнай мен арзан доллар себеп

Халықаралық валюта қоры 2026 жылдың соңына қарай елдің жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жетеді деп болжаған. Алайда отандық сарапшылар Қазақстан экономикасының рекорд өсімін асыра бағаламауға шақырады, деп жазады Kursiv.Media.

Desht зерттеу орталығының талдауынша, ел экономикасының 400 млрд долларға жақындауы өндірістің күрт артқанын емес, мұнайдың қымбаттауынан туындаған баға секірісі мен теңге бағамының уақытша нығаюын ғана білдіреді.

Халықаралық валюта қорының қазан айындағы жаңа болжамында 2026 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 398 млрд долларға жететіні айтылған. Биылғы көрсеткіш өткен жылғы 306 млрд доллармен салыстырғанда, 30 пайызға артық.

Жан басына шаққандағы мұндай қарқынды өсім көрсеткіші бойынша әлемде Қазақстанға тең келер ел жоқ. Тіпті деңгейлес Түркия, Ресей және Беларусь сияқты мемлекеттерде бұл көрсеткіш 17-19 пайыз төңірегінде ғана өскен.

Алайда бұл цифр елде бір жыл ішінде 100 млрд доллардың қосымша тауары өндіріліп, экономиканың салалары үштен бір есе өсті дегенді білдірмейді. Сарапшылар мұндай рекорд көрсеткіштің астарында үш негізгі фактор тұрғанын айтады.

Ең алдымен, бұл өсімнің 56 пайызын ішкі нарықтағы бағалардың жеделдеуі, яғни 15,6 пайыздық дефлятор қамтамасыз етіп отыр.

Екінші орында – ұлттық валютаның нығаюы тұр. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 522 теңгеден 484 теңгеге дейін (7,9%-ға) күшейіп, көрсеткіш өсімінің 28 пайызын берді.

Ал өсімнің бәріне арқау болуға тиіс нақты өндіріс көлемі бары-жоғы 16 пайыз үлес қосқан. Нақты өсім 4,4 пайыз деп бағаланған, мұны тоғыз айдағы 4,2 пайыздық ресми деректер де толық растайды.

Демек, өндірістің нақты өскені емес, ішкі тауарлар мен қызметтердің халықаралық доллар есебімен қымбаттағаны байқалады.

Бұл құбылыстың басты қозғаушы күші – мұнай бағасының өсуі. Өткен жылы қара алтынның баррелі 70 доллар төңірегінде болса, қазір ол 114 долларға дейін көтерілді.

Талдаушылардың байламынша, бүгінгі рекордық көрсеткіштер уақытша сыртқы конъюнктураға тікелей тәуелді. Сондықтан бұл өсім әлемдік нарықтағы алғашқы «экономикалық шокқа» дейін ғана созылуы мүмкін.

Бұған дейін Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен өсіп жатқанымен, «қызып кету» белгісі байқалады деп мәлімдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар