Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Индонезияда студенттер орман өртіне байланысты наразылыққа шықты

kz.kursiv.media

Индонезияда студенттер орман өртіне байланысты наразылыққа шықты

28 қазанда Индонезияда жүздеген студент пен белсенді Джакарта және өзге де қалалардың көшелеріне шығып,орман өрттерін ұлттық апат деп тануды талап етті. Наразы топ Президент Прабово Субиантоның саясатын өткір сынға алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Reuters ақпаратына сүйенсек, акцияға қатысушылар өртті сөндірумен қатар, оттан зардап шеккен орангутандарды қорғауды талап етті. Студенттер азық-түлік бағасының қымбаттауына, субсидиялардың қысқаруына және үкіметтің «популистік» бағдарламаларына қарсы шықты.

Джакартада қауіпсіздік күштері президент сарайына апаратын жолды жауып, шерушілермен қақтығыс орын алды.

Эль-Ниньо құбылысы тудырған қуаңшылық салдарынан Индонезия соңғы 11 жылдағы ең жойқын орман өрттерін бастан кешуде. Қалың түтін көршілес Малайзия мен Сингапурдың ауасын ластап, тыныс алу жолдары ауруларының көбеюіне әкеп соқты.

Өз кезегінде үкімет өкілдері диалогқа дайын екенін мәлімдеп, өртке қатысы бар компанияларды жауапқа тарту,зардап шеккен аймақтарға көмек жеткізу және жасанды жаңбыр жауғызу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар