Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Apple сенсорлы жаңа Macbook-ты таныстырды

kz.kursiv.media

Apple сенсорлы жаңа Macbook-ты таныстырды

Apple компаниясы MacBook Pro ноутбугының сенсорлы экранмен жабдықталған жаңа үлгісін таныстырды. Бұл – Mac желісіндегі сенсорлы экранмен шыққан алғашқы ноутбук деп жазады Kursiv Media.

Компания мәлімдеуінше, сенсорлы экран мамандарға ноутбуктағы контентпен жұмыс істеудің жаңа тәсілін ұсынады.

Жаңа MacBook Pro экран өлшемі 14 және 16 дюйм болатын екі нұсқада шығарылады. 14 дюймдік модельдің бастапқы бағасы – 2 899 доллар (шамамен 1,33 млн теңге), ал 16 дюймдік нұсқасы 3 399 доллардан (шамамен 1,55 млн теңге) басталады.

Жаңа процессор және ұзақ жұмыс уақыты

Жаңа MacBook Pro M5 Pro және M5 Max процессорларымен жабдықталған. Apple бұл чиптерді кәсіби ноутбуктарына арналған ең қуатты процессорлар деп атады.

Экран өлшемі мен құрылғының конфигурациясына қарай ноутбуктің салмағы 1,4–1,8 келі болады. Батарея қуаты 24 сағатқа дейін жетеді.

M5 Pro процессоры бар модельдің біріккен жады 24–64 ГБ аралығында болса, M5 Max нұсқасында ол 128 ГБ-қа дейін жетеді. Деректерді сақтауға арналған жинақтауыштың ең үлкен сыйымдылығы – 16 ТБ. Ноутбук қақпағындағы жарық беретін Apple логотипі де қайта оралды. Компания соңғы бірнеше жылда ноутбуктарында мұндай логотипті қолданбаған еді.

Жаңа ноутбуктерге алдын ала тапсырыс беру басталды. Сатып алушыларға жеткізу 6 қарашада басталады деп жоспарланған.

Биыл күзде компания алғашқы бүктемелі iPhone Duo-ны таныстырған еді. Бірақ аз уақыт өтпей жатып сұраныс жоғары, жеткізу көлемі шектеулі болуына байланысты оны сатып алуға шектеу қойды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар