Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Kursiv Media.
Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы «Этимесгут» әуежайында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жеке өзі күтіп алды. Қазақстан президентінің келуіне орай әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеп, сән-салтанатпен қарсы алу рәсімі өтті.
Сапар аясында екі ел басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
Ертең, 29 қазан – Түркияның Республика күні. 1923 жылы ₸үркия Үкіметі құрылып, өзін зайырлы мемлекет етіп жариялаған.
Айта кетейік, президент Тоқаевты Анкараға Режеп Тайып Ердоған шақырған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
29 қазан 2026