Қазан айының соңында ауа райы +22 градусқа дейін жылынады
Синоптиктер қазақ айының соңында елде ауа райы қандай болатынын жариялады. Оған сәйкес 29, 30 және 31 қазанда ел тұрғындарын жылы ауа райы күтіп тұр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Қазан айының соңғы күндері Қазақстанның батыс бөлігінің тұрғындарын жылы әрі қолайлы ауа райы күтіп тұр. Бұл өңірде ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады», – делінген хабарламада.
Ал еліміздің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын күтіледі.
Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 0°С-тан төмен болады. Күндіз елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейін құбылады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа +17…+22°С-қа дейін жылынады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
29 қазан 2026