Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

kz.kursiv.media

Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан күрес түрінен әлем чемпионатында қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Kursiv Media.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орын үшін өткен белдесуде ол беларусьтік Наталья Варакинаны 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Баянова турнирді өзбекстандық Актенге Кеунимжаеваны жеңіп бастаған (7:3). Ширек финалда монғолиялық Отгонжаргал Долгоржавтан басым түсіп (5:4), жартылай финалға шықты. Алайда финалға өтер тұста үндістандық Ниламға есе жіберіп (3:7), қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған болатын.

Бұл – Баянованың соңғы бір айдағы екінші ірі халықаралық марапаты. Қазан айының басында ол Жапонияда өткен Азия ойындары-2026 бәсекесінде де қола жүлде иеленген еді.

Осыған дейін Ұлттық құрама 3 қола медальмен (Исхар Курбаев, Айдос Сұлтанғали, Бағдат Сабаз) жалпы есепте 12-орын алды.

Сондай-ақ, бүгін Зейнеп Баянова (50 кг) мен Нилуфар Раимова (57 кг) 3-орын үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатына 100-ге жуық елден 900-ге тарта спортшы қатысуда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар