Алматыға жақын аудандағы қоймада ірі өрт шықты
Алматы қаласы маңындағы Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округінде бір қабатты қойма өртенді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлауынша, өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері жеткен кезде ғимаратты толықтай жалын шарпыған.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында тілсіз жаудың көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Сонымен қатар өрт ошағынан 5 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылып, ықтимал жарылыстың алды алынды», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі таңда өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Енді мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Өскеменде үш қабатты тұрғын үй өртеніп, 8 адам эвакуацияланған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
29 қазан 2026