Төреғали Төрәлі Меккеде жұбайына деген ыстық сезімін білдірді
Әнші Төреғали Төрәлі Меккеде жұбайы Толқын Тұрарбекқызына деген ыстық сезімін білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қасиетті Мекке қаласы, Әл Харам мешіті алақандағыдай көрінетін таудың төбесінде тұрып, әнші жарына өмір бойы адал болуға уәде берді.
«Пайғамбарымыз әйеліне деген махаббатын жасырмаған. Мен де сені жақсы көретінім туралы айтудан ешқашан жалықпаймын. Алла сені аманат қылып берген. Енді сол аманатқа өмір бойы адал болғым келеді», – деді Төреғали Төрәлі Толқын Тұрарбекқызына.
A post shared by Төреғали Төреәлі (@toregalitoreali)
Нәзік жандыларға бұл сөздер қатты әсер еткені көрініп отыр. «Әйеліне деген, отбасына деген құрметі жоғары адам, жарайсыз Төреғали», – деп мадақ айтып жатыр.
Бұл отбасы жеті бала тәрбиелеп отыр. Төреғали Төрәлінің әйелі бір қызының 11 жыл бойы өмір үшін күресіп келе жатқанын айтқан еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
29 қазан 2026