Испанияда пойыз апатынан кейін Мадридте наразылық өтті
Испания астанасы Мадридте көлік министрлігі ғимаратының алдында жаппай наразылық өтті деп жазады Kursiv Media.
Екі пойыздың соқтығысуынан 68 адам қаза тапқаннан кейін қала халқы көлік министінің отставкаға кетуін талап етті. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласқан. Қатысушылар полицияға жарық беретін отшашулар мен түрлі заттар лақтырған. Бұған жауап ретінде құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газ қолданған.
Кастилия-Ла-Манча автономиялық бірлестігінің үкімет басшысы Эмилиано Гарсиа-Пахе бұған дейін апаттан зардап шеккен 15 адамның жағдайы өте ауыр екенін, тағы 53 адамның жағдайы орташа ауыр екенін хабарлаған.
Көлік министрі Оскар Пуэнтенің айтуынша, апатқа компьютерлік жүйедегі ақау себеп болуы мүмкін. Таңғы сағат 08:30 шамасында қауіпсіздік жүйесі істен шығып, учаскедегі алты пойыз тоқтаған. Кейін диспетчерлердің бірі пойыздың қозғалысын қайта бастауға рұқсат бергенімен, қалған құрамдар әлі тоқтап тұрған. Осы кезде Мадридтен Севильяға бет алған пойыз тоқтап тұрған басқа құрамға артынан соғылған. Салдарынан екі вагон рельстен шығып кетеді.
Испания премьер-министрі Педро Санчес елде үш күндік аза тұту жариялады. Испаниядағы қайғылы оқиғаға байланысты Тоқаев көңіл айтқан еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
29 қазан 2026