Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкенттегі бес қабатты үйде өрт шығып, бүлдіршін құтқарылды

kz.kursiv.media

Шымкенттегі бес қабатты үйде өрт шығып, бүлдіршін құтқарылды

Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде электр щиттері өртенді. Түтіннің қатты шығуына байланысты құтқарушылар ғимараттан 9 адамды, соның ішінде 5 баланы сыртқа шығарды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сүйенсек, оқиға Қалдаяқов көшесінде орналасқан бес қабатты үйде болған. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері электр сымдарындағы өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

«Оқиға салдарынан бір бала құтқарылды, тағы 8 адам, соның ішінде төрт бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, қаразгі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласы маңындағы Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округінде бір қабатты қойма өртенген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар