Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кентаудағы жарылыстан кейін дәмхана иесі 5 жылға сотталды

kz.kursiv.media

Кентаудағы жарылыстан кейін дәмхана иесі 5 жылға сотталды

Түркістан облысы Кентау қалалық соты екі адамның өліміне әкеп соққан дәмханадағы газ жарылысына байланысты үкім шығарды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Тергеу барысында көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмхана иесі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны, ал автогаз құю станциясының (АГЗС) операторы тұрмыстық баллонға заңсыз газ толтырып бергені анықталды. Асханада жарылған баллон салдарынан өрт шыққан.

Сот дәмхана иесін ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ 3 жылға кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан шектеліп, қаза тапқандардың отбасыларына 10 млн теңгеден моральдық өтемақы төлейтін болды.

АГЗС операторына ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігі бойынша (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Екі сотталушы да сот залында қамауға алынды. Сот өкілдері тамақтану орындарындағы қауіпсіздік ережелерін тексеру үшін Кентау қаласының әкімдігіне жеке қаулы жолдайды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде анасы мен екі баласы газ құю бекетінде қаза тапқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар