Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дастанбек қолаға таласады, Айтмұхан мен Бақбергенова жарысты аяқтады

kz.kursiv.media

Дастанбек қолаға таласады, Айтмұхан мен Бақбергенова жарысты аяқтады

Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында екі қазақстандық жарыс жолын аяқтап, біреуі қола үшін таласқа түседі, деп хабарлайды Kursiv Media.

Өсімжан Дастанбек (65 кг) бастапқы белдесуде украиналық Андрей Джелепті жеңгенімен (3:1), кейін армениялық Вазген Теванянға есе жіберді (1:2). Қарсыласы финалға өткендіктен, Дастанбек жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Зенеемедер Бямбасуренмен күреседі.

Ризабек Айтмұхан (97 кг) алғашқы айналымда екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевқа жол берді (1:4). Садулаев ширек финалда жеңілгендіктен, Ризабек жұбаныш белдесуіне өте алмай, жарысты аяқтады.

Жәмила Бақбергенова (72 кг) қола медаль үшін өткен бәсекеде жапониялық Махиро Йошитакеге жол беріп (4:6), 5-орынға тұрақтады.

Ертең Алтын Шағаева (59 кг) қола жүлде үшін күреседі.

Айта кетейік, бұдан бұрын Зейнеп Баянова (50 кг) қола жүлде иеленген еді.

Айта кетейік, 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатына 100-ге жуық елден 900-ге тарта спортшы қатысуда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар