Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каппадокияда танымал туристік аймағында құз құлап, екі адам қаза тапты

kz.kursiv.media

Каппадокияда танымал туристік аймағында құз құлап, екі адам қаза тапты

Түркияның Каппадокия аймағында «Перизаттар мұнарасы» деп аталатын табиғи құздың бір бөлігі құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

NTV телеарнасы ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға Невшехир аймағында Каппадокия табиғи паркінің Гөреме ашық аспан астындағы мұражайының кіреберісінде болған. Нөсер жауыннан кейін орын алған тас құлау салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақат алды.

Елдің әділет министрі Акын Гюрлек оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Төтенше жағдай кезінде құз етегіндегі тұрақтарда 150-ге жуық автокөлік болған, қазіргі уақытта жандармерия мен полиция азаматтар мен көліктерді эвакуациялап жатыр.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын да қалың қардан кейін тау жынысынан түзілген осы тектес құз құлаған болатын. Ол кезде зардап шеккендер болмаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар