Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда бизнеске мораторий бұған дейін неше рет енгізілді

kz.kursiv.media

Қазақстанда бизнеске мораторий бұған дейін неше рет енгізілді

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Қазір Үкімет пен Құрылтай депутаттары бастаманы пысықтап жатыр. Егер ұсыныс қабылданса, кәсіпкерлерді тексеруге қатысты кезекті ұзақ мерзімді шектеу енгізіледі.

Президенттің сөзінше, соңғы жылдары бизнестің экономикадағы салмағы айтарлықтай артқанымен, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік қысым мәселесі әлі де бар.

Мемлекет басшысы микро және шағын бизнесті тексеруге 2020–2023 жылдары жарияланған мораторий тәжірибесіне қайта оралуды ұсынды. Оның айтуынша, бұл шара өзін тиімді жағынан көрсеткен.

Жаңа мораторий тек кәсіпкерлерге уақытша жеңілдік беру шарасы ретінде емес, бақылау-қадағалау жүйесін қайта құру кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Президент бұл уақытты реттеудің цифрлық моделіне көшуге арналған «стратегиялық үзіліс» ретінде пайдалануды ұсынды.

Қазір Ұлттық экономика министрлігі Құрылтай депутаттарымен бірге 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге және профилактикалық бақылауға үш жылдық мораторий енгізу мәселесін пысықтап жатыр.

Кәсіпкерлерді тексеруді уақытша тоқтату Қазақстанда бұрын да бірнеше рет қолданылған.

Мұндай ірі мораторийлердің бірі 2003 жылы енгізілді. Кейін бизнеске қатысты тексерулер 2008-2009 жылдары қайта шектелді. 2014 жылы да кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жарияланды.

Соңғы ауқымды мораторий 2020 жылдан бастап күшіне енді. Ол бастапқыда үш жылға жоспарланған болатын. Кейін мерзімі ұзартылып, шектеу 2023 жылдың соңына дейін сақталды.

Сондықтан 2027 жылдан бастап жаңа мораторий енгізілсе, бұл Қазақстанның кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылауды уақытша шектеу тәжірибесіне кезекті рет оралуы болады.

2020-2023 жылдардағы мораторийдің нәтижесін бөлек бағалау оңай емес. Себебі оның негізгі кезеңі COVID-19 пандемиясымен және бизнестің жұмысындағы шектеулермен қатар келді.

Рысмамбетов те осыған назар аударады. Оның пікірінше, бұрынғы мораторийдің нақты экономикалық әсерін пандемия салдарынан ажыратып қарау қиын.

Соған қарамастан, Президент 2020–2023 жылдардағы тәжірибенің тиімді болғанын атап өтті. Жаңа ұсынысты талқылау кезінде бұрынғы мораторийдің оң және теріс жақтарын түгел ескеру тапсырылды.

Мораторий енгізілген жағдайда да мемлекеттің бизнесті бақылауы толық жойылмайды. Қандай тексерулерге тыйым салынатыны және қандай салаларға ерекше талап қойылатыны заңнамалық шешімдерден кейін нақтыланады.

Қазір депутаттар тәуекелі жоғары қызмет түрлерін, лицензияланатын бизнесті және азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін салаларды мораторийден шығару мүмкіндігін талқылап жатыр.

Сондықтан үш жылдық мораторийді бизнестің барлық түрін кез келген тексеруден толық босату деп түсінуге болмайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар