Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда өртеніп жатқан үйден жеті адам құтқарылды

kz.kursiv.media

Атырауда өртеніп жатқан үйден жеті адам құтқарылды

Атырауда көппәтерлі тұрғын үйде шыққан өрт кезінде жеті адам аман құтқарылды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қаладағы Әуезов көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші және үшінші қабатындағы балкондар отқа оранған. Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, жеті адамды, соның ішінде бір баланы құтқарды.

Тілсіз жау қысқа мерзімде толығымен ауыздықталды.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде электр щиттері өртенді. Түтіннің қатты шығуына байланысты құтқарушылар ғимараттан 9 адамды, соның ішінде 5 баланы сыртқа шығарған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар