Албанияда парламент отырысы көк түтіннің астында қалды (видео)
Албанияда оппозиция депутаттары парламент отырысын түтін шығаратын құралдарды іске қосып, мінберді қоршау арқылы тоқтатуға әрекеттенді. Олар бұл әрекетімен елде бірнеше аптадан бері жалғасып жатқан үкіметке қарсы наразылықтарды қолдады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Демократиялық партия мүшелері парламент мінберін бөгеп, үстелдерді ұрып, студенттерді қолдайтын плакаттар ұстады.
Оппозиция жетекшісі Сали Бериша полицияны Тиранадағы наразылықтар кезінде жастарға күш қолданды деп айыптады. Ол биліктегі социалистік партия өкілдерін сынап, оларға көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ ату керек дейді. Осыдан кейін оның микрофоны өшірілді.
Депутаттар Беришаны плакаттармен қоршап, партияның түсі саналатын көк түтін шығаратын құралдарын қосты. Соған қарамастан парламент отырысы жалғасты. Биліктегі партия заң жобаларын талқылаусыз дауысқа салуды ұсынды. Соның нәтижесінде бірқатар құжат парламенттік пікірталассыз қабылдана бастады.
Отырыстан кейін социалистік партия оппозиция жетекшісі Сали Беришаны парламент жұмысынан 10 күнге шеттетуді талап етті.
Албанияда студенттердің үкіметке қарсы наразылықтары қазан айының ортасынан бері жалғасып келеді. Олар сыбайлас жемқорлыққа, жұмыс орындарының тапшылығы мен білім сапасының төмендігіне қарсылық білдірген. 25 қазанда наразылар Тирана көшелеріне шығып, білім министрлігі ғимаратының алдында жиналған. Кейін премьер-министр Эди Раманың кеңсесіне қарай бет алған.
Студенттер үкімет басшысының отставкаға кетуін талап етіп отыр. Алайда Эди Рама қызметінен кетпейтінін мәлімдеген. Ал еуропалық комиссия наразылық кезінде күш қолдануды айыптады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 29
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
30 қазан 2026