«Самұрық-Энерго» компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл шешімді «Самұрық-Қазына» қорының басқармасы қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов компания ұжымына жаңа басшыны таныстырып, жұмыс кеңесін өткізді.
Жиында негізгі инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтап, электр станцияларын уақытылы пайдалануға беру қажеттігі айтылды.
Аңсар Айдаров «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін «Энергия Семиречья» ЖШС бас директоры, «Самұрық-Энерго» жобалық кеңсесінің басшысы және инвестициялар жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарған.
Еске салсақ, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бұрынғы басшысы Қайрат Мақсұтовтың қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, Мақсұтовқа бірнеше рет ескерту жасалғанымен, жобаларды іске асыру қарқыны көңіл көншітпеген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қазан 2026