Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Таразда жүргізуші алдыңғы есігі жоқ көлікпен жүрген

kz.kursiv.media

Таразда жүргізуші алдыңғы есігі жоқ көлікпен жүрген

Таразда полицейлер алдыңғы есігі жоқ автокөлікті басқарған жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, сол жақ алдыңғы есігі жоқ Volkswagen автокөлігі Төле би даңғылымен қозғалған. Белгілі болғандай, бұл көлік ұзақ уақыт бойы бір орнында тұрған. Жүргізуші оны техникалық қызмет көрсету станциясына апармақ болып, эвакуатор шақырудың орнына өз бетінше айдап баруды жөн көрген.

Тәртіп сақшылары «желмен жарысқан» ер адамды тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полиция департаменті ақауы бар автокөлікті жөндеу орнына қауіпсіз жолмен жеткізу керектігін ескертеді. Егер көлік қауіпсіздік талаптарына сай болмаса, өзіңізге және өзгелерге қауіп төндірмей, эвакуатор қызметін пайдаланған жөн.

Айта кетейік, осыған дейін Семейдегі аспалы көпірде жарысқан жүргізушілер жауапқа тартылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар