Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазан айының соңғы аптасында теңге бағамы қалай өзгерді

kz.kursiv.media

Қазан айының соңғы аптасында теңге бағамы қалай өзгерді

Kursiv Media қазан айының соңғы аптасында доллардың бағасы қалай құбылғанын саралап көрді. Осы аптада доллардың ресми бағамы 451–457 теңге аралығында құбылды. Аптаның ортасында теңге айтарлықтай әлсірегенімен, жұмаға қарай жоғалтқан позициясының бір бөлігін қайтарды.

27 қазанда бір доллардың ресми бағамы 451,05 теңге болды. Келесі күні көрсеткіш бірден 4,58 теңгеге өсіп, 455,63 теңгеге жетті. 29 қазанда доллар тағы 1,46 теңгеге қымбаттап, 457,09 теңгені құрады. Бұл – аптадағы ең жоғары көрсеткіш.

30 қазанда теңге қайта нығайып, ресми бағам 453,71 теңгеге түсті. Ал 30 қазандағы KASE саудасының қорытындысы бойынша келесі ресми бағам 453,87 теңге болып белгіленді.

Осылайша, аптаның басындағы 451,05 теңгемен салыстырғанда доллар 2,82 теңгеге немесе шамамен 0,63%-ға қымбаттады. Алайда аптаның ең жоғары деңгейі саналатын 457,09 теңгемен салыстырғанда доллар 3,22 теңгеге арзандады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар