Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алып торт-подиум: Қыз жібек бейнесі бар тәтті тарту етілді

kz.kursiv.media

Алып торт-подиум: Қыз жібек бейнесі бар тәтті тарту етілді

Танымал дизайнер Аида Қауменованың 20 жылдық мерейтойында Қыз жібек бейнесі бар торт тарту етілді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл жайт мерекеге жиналған жұлдыз қауымын қатты таңырқатты. Торттарды әзірлеген – Qulpynai.

«Біздің сән подиумымыздың ең тәтті көрінісі! @qulpynai_bakery әр іс-шарамызға арнап, әрдайым кондитерлік өнердің нағыз жауһарларын жасап келеді. Ал Aida KaumeNOVA-ның 20 жылдық мерейтойына орай команда өз мүмкіндіктерінен де асып түсті: үстімен біздің туындыларымызды киген мастикадан жасалған модельдер «жүріп өтетін» алып торт-подиум!», – деп бағалады Аида Қауменова.

Оның айтуынша, тіккен шапандары, тіпті «Қыз Жібек» фильміндегі Меруерт Өтекешева сомдаған әйгілі бейненің өзі де торттан көрініс тапқан.

«Әрбір ұсақ-түйекке деген ерекше ықылас, сұлулық пен өз ісіне деген шексіз сүйіспеншілік!» – деп дизайнер.

Қонақтар торттың қайталанбас дәміне де тәнті болған.

Айта кететін жайт Аида Қауменова дау тудырған Қыз Жібек шапанының көшірмелерін шығара бастады. Оның айтуынша, қамзолдардың жағасы түпнұсқамен бірдей. Қаракүзен терісінен жасалған. Түсі де бірдей. Тек қана барқыт матасы винтажды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар