Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Испаниядағы пойыз апатынан қайтыс болғандар саны 74-ке жетті

kz.kursiv.media

Испаниядағы пойыз апатынан қайтыс болғандар саны 74-ке жетті

Испанияда пойыздардың соқтығысуынан 74 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің біразы әлі де ауруханада жатыр деп жазады Kursiv Media Euronews-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа пойыз қозғалысын басқару жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Диспетчерлердің аудиожазбаларына қарағанда, қызыл сигналға және алда басқа пойыздың тоқтап тұрғанына қарамастан, қозғалысты жалғастыруға рұқсат берілген болуы мүмкін.

Испанияның көлік министрі диспетчерлердің әрекетін түсіну қиын екенін айтып, әлі де тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Тергеушілер диспетчерлердің қауіпті жағдай туралы толық ақпарат алған-алмағанын және теміржол қауіпсіздігі талаптарының сақталғанын тексереді.

Апаттан аман қалған жолаушылар соққының өте қатты болғанын айтқан. Олардың сөзінше, рельстердің сынықтары пойыздың төбесін тесіп өткен.

Қайғылы оқиғадан кейін Испанияда үш күндік аза тұту жарияланды. Елде биыл теміржолдағы адам өліміне әкелген үшінші ірі апат болғандықтан, көлік жүйесінің қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар күшейді.

Пойыз апатынан кейін кәсіподағы ереуіл жариялады. Ал ел астанасы Мадридте митинг болып, оның қатысушылары көлік министрінің отставкаға кетуін талап етті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар