Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайдан Польшаға бара жатқан пойыздан мыңдаған ноутбук ұрлағандар сотталды

kz.kursiv.media

Қытайдан Польшаға бара жатқан пойыздан мыңдаған ноутбук ұрлағандар сотталды

Қазақстан арқылы Батыс Еуропаға бағыт алған жүк контейнерлерінен ноутбуктер мен ойын приставкаларын ұрлаған төрт адам сотталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады деп жазады Kursiv Media.

Тергеу мәліметінше, Абай облысының төрт тұрғыны жүк пойыздарының контейнерлеріне бірнеше рет заңсыз кіріп, қымбат техника ұрлаған.

Қылмыс өткен жылдың мамыр айында Жетісу облысындағы Торпалды станциясында Қытайдан Польшаға бара жатқан пойызда болған. Контейнерден 1 019 ноутбук қолды болған. Ұрланған техниканың бір бөлігі Алматыда сатылған. Келтірілген жалпы шығын 633 млн теңгені құрады.

Жетісу облысы Алакөл аудандық соты төрт адамды аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 6 жыл 7 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар