Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тұрсынбек Қабатов түтіннен абай болуға шақырды

kz.kursiv.media

Тұрсынбек Қабатов түтіннен абай болуға шақырды

Танымал әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатов тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Kursiv.media.

112.kz ақпаратына қарағанда, ол түсі мен иісі жоқ, алайда адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті көміртек тотығын анықтайтын арнайы датчиктерді орнатудың маңыздылығын атап өтті.

«Мен қазір Павлодар қаласындамын. Қыс басталып жатыр. Газ әлі келмеген, көмір жағып отырған көп жер үй бар. Улы түтіннің кесірінен өмірден өтіп кеткен отбасылар да кездеседі. Қауіптің алдын алу үшін абай болыңыздар. Улы түтіннен, бәле-жаладан сақтасын сіздерді. Манадай аппарат шыққан екен. Үйлеріңізге қойып қойсаңыздар болады», – деді әзілкеш.

Қабатовтың айтуынша, бұл аппарат түтін, иіс шықса, сақтандырып, дыбыс береді. Ұйықтап жатқан адамдарды оятады. Тұрсынбек Қабатов от жағатын мезгілде түтіннен сақ болуға шақырды.

ТЖМ тұрғындарды қауіпсіздікке бейжай қарамай, үйлеріне көміртек тотығын анықтайтын датчик орнатуға шақырып отыр.

Айта кетеін жайт, мұның алдында Тұрсынбек Қабатовқа бір ақсақал концерт үстінде бата берген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар