2027 жылғы Жаңа жылда қанша күн демалыс
2027 жылдың басында қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Жаңа жылда 1 қаңтар жұмаға, ал 2 қаңтар сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты қосымша демалыс күні дүйсенбіге, яғни 4 қаңтарға ауыстырылады.
Төрт күндік демалыстан кейін азаматтар 5 қаңтарда (сейсенбі) және 6 қаңтарда (сәрсенбі) жұмысқа шығады. Ал 7 қаңтарда (бейсенбі) елде дәстүрлі түрде Православ Рождествосы атап өтілетіндіктен, бұл күн демалыс болады. Бұдан кейін 8 қаңтар (жұма) – жұмыс күні, ал 9 және 10 қаңтар – әдеттегі сенбі мен жексенбі.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бойынша 2027 жылдың қаңтарында 18 жұмыс күні мен 13 демалыс күні болады. Сенбі мен жексенбіден бөлек, 1, 4 және 7 қаңтар ресми демалыс күндері болып бекітілген.
- Соңғы
- Қазан, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 қараша 2026