Қостанайда бес жасар баланың өліміне қатысты іс тергеліп жатыр
2026 жылғы 26 қазанда Қостанай облысының Құсмұрын кентінде пәтерде басы мен денесіне ауыр жарақат алған бес жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Kazinform агенттігінің мәліметінше, полиция күдіктіні сол күні ұстаған. Сот оны қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады.
Әулиекөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктінің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің «Жас баланы өлтіру» бабы бойынша сараланып отыр. Бұл бап бойынша қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Істің тергелуі облыстық прокуратураның ерекше бақылауына алынды. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге дегжей-тегжейлері жария етілмейді.
Айта кетейік, осыған дейін Петропавлда 13 жастағы қызға қорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталған еді.
- Соңғы
- Қазан, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
31 қазан 2026