Қазақстанда ормандарды қалпына келтіруге 300 млн теңге жұмсалады
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 3 миллион түп қылқанжапырақты ағаш отырғызуға 300 миллион теңге бағыттамақ, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Жобаға «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан 300 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.
«Осы іс-шаралар аясында ашық тамыр жүйесі бар 3 миллион түп кәдімгі қарағай көшетін отырғызу жоспарланған. Бастаманың негізгі мақсаты – орман қорын қалпына келтіру, орман алқаптарының аумағын кеңейту және табиғи экожүйені сақтау», – делінген ведомство хабарламасында.
Қарағай көшеттерін отырғызу болашақ ормандарды қалыптастыруға, биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық тұрақтылықты нығайтуға қосылған маңызды үлес болмақ.
Айта кетейік, осыған дейін Абай облысында 22 қыркүйек кешке «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында екі күн бұрын тіркелген орман өрті оқшауланған еді.
- Соңғы
- Қазан, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 қараша 2026